Lexus автокөлігі қағаздан жасалды. Жапондар қағаздан жасалған Lexus автокөлігін әлемге паш етті. 1700 бөліктен тұратын Lexus-ты жинау үшін мамандар 3 ай бойы аянбай тер төккен.
Алдағы күндері ол Бирмингемдегі көрме орталығына қойылуы тиіс. «Бұл жай ғана қорап емес», — дейді авторлар. Өйткені қағаздың астында электр жетегі бар бұл темір тұлпармен көшеде жүйіткуге де болады екен. Бірақ ол үшін зарядталған аккумулятормен қоса ауа райының ашық болуы шарт. Өйткені жаңбырдың астында қалған мұндай көлікпен алысқа ұзамайтыныңыз айтпаса да түсінікті.