Домой Жаңалықтар Мәдениет Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына сый жасады

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына сый жасады

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына сый жасады

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына сый жасадыЕрекше сый Тараз қаласына Алматы облысының сәулетшілерімен тарту етілді.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қарсаңында Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына ерекше сый жасады. Атап айтқанда 50 метрлік алып барельеф пен қазақтың атақты жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін реңі жарасқан туындылар қаланың көркін келтіруде.

Жамбыл облысының тұрғындарына тарту етілген ерекше сыйдың алғашқысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстары болды. Мүсіннің құрылысын Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Қазыбек Жарылғаповтың басшылығымен Қазақстан Республикасы сәулетшілер және қалақұрылыс одағының мүшелерінен құрылған топ жүргізді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 23,6 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Сондай-ақ Жетісулықтар Тараз қаласындағы Шахристан базары аркасының екі жағына биіктігі 2 метр, ұзындығы 50 метрлік барельеф қабырғасын орнатып берді.

Барельеф қабырғасы төрт негізгі тақырыптан құралған. Атап айтқанда:

Бірінші бөлігінде қазақ тарихының бастауы ретінде «Алтын адам» бейнесі;

Екінші бөлігінде қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауын әспеттейтін, қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың бейнесі;

Үшінші бөлігінде еліміздің бас қаласы – Астана мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі;

Төртінші бөлігінде Жамбыл Жабаев пен оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі бейнеленген.

Нысанның құрылысын С. Абдировтың басшылығымен «Вибро-Тас» ЖШС жүргізді. Жұмсалған қаражат құны 50 млн. теңге.

Барлық жұмыстар демеушілердің қаражатына орындалды. Бұл игі істің барлығын қалаға жасалған сый құрметтің нышаны деп қабылдауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтілуіне байланысты Алматы облысының Сүйінбай атындағы филармониясының ең үздік жезтаңдай әншілері мен шығармашылық ұжымдары, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының актерлері, бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер шеберлері, түрлі аспата ойнайтын музыкантшылар, Алматы облысының қоғам қайраткерлері мен тілшілері Тараза қаласындағы шараларға үлкен ынтызарлықпен ат салысуда. Басты мақсат облыс тұрғындары мен қонақтарына өшкенді жандырып, ұмыт қалғанды тірілтіп, тарихымыз бентүптамырымызды жаңғыртып-ұлықтар мерекелік көңіл-күй мен есте қалар әсер сыйлау.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here