Домой Жаңалықтар Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды.

Күні кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында ауданның бірнеше нысандарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Нақтылап айтар болсақ ауданның қант қызылшасын өсіруші шаруа қожалықтарының алқаптарын, 100 гектарға егілген алма бағын, «Лепсі-2» су электр станциясының құрылысы мен жаңадан іске қосылған жылыту қазандығын  және «Черкаск қорғанысы» мұражайын аралады.

Соңғысына толығырақ тоқталар болсақ, «Черкаск қорғанысы» мұражайы 1968 жылы салынған.

Черкаск қорғанысы атауымен тарихта қалған азаматтық соғыс 1918 жылдың маусым айында басталып, 1919 жылдың 14 қазанына дейін жалғасқан қанды оқиға. Черкаск қорғанысын ұстап тұрған Жетісу фронтына 5-ші Сібір атқыштар дивизиясы мен атаман Б.Анненковтың партизан дивизиясы шабуыл жасаған. Черкаск қорғанысының ұзындығы 70 шақырымға созылған. Жаудың жолына қорғанушы тарап бір жылдан астам уақытқа тосқауыл болып, өз жерінен өткізбей, негізгі күштердің жасақталуына мүмкіндік берген.

Мұражайда сол кезеңдегі сұрапыл соғыстың кей сәттерінің мүсін түріндегі көрінісі, сол кездегі ерлігімен көзге түскен батыр тұлғалар, олар туралы жазба деректер, қолданған қару-жарақтары және ең бағалы жәдігері саналатын 1904 жылы Обухов болат құю зауытында жасалған зеңбірек қойылған.

Мұражайдың осы күнде қордаланып қалған мәселелері де аз емес көрінеді. Соңғы рет мұражайға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізгелі де біраз жылдардың жүзі болыпты. Жоғарыда аталғандарды назарға алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз сөзінде:

—  Тарихты  ешбір ұмытуға болмайды. Мұражай деген естелік. Бұл мұражайға шет елдерден арнайы қызығушылық танытып келушілердің барын ескере отырып, осы мұражайды қалпына келтіру, мұражайға жеткізетін жолға асфальт төсемін салу және жол бойында көше шамдарын орнату туралы тиісті мекеме басшыларына тапсырма беремін, — деп сөзін қорытындылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here