Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран оқудан жарыс өтпек.
11 қазан күні Мәскеу қаласында Ресей Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет министрлігі және Мәскеу үкіметінің қолдауымен әлемдік деңгейде қасиетті Құран жарысы өтпек.
Аталмыш жарысқа әлемнің 44 елінің білікті хафиздері қатысады. Ал жарыстың ерекше қонағы ретінде әл-Харам мешітінің имамы Маһир әл-Муайкили шақырылған.
Айта кетейік, бұл Құран жарысы бұған дейін беделді ғалымдар тарапынан ислам әлеміндегі ең жоғарғы дәрежедегі жарыс деп мойындалған.