Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілдіАлматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Кеше Талдықорған қаласында спорттық – сауықтыру кешені ашылып, Алматы облысының ішкі істер департаментінің қолданысына берілді.

Ғимарат өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Соңғы жылдары қатты ескірген кешенге құрылыс жұмыстары қажет болатын. ІІД басшысы полиция генерал-майоры М. Ұрымхановтың өтініші бойынша облыс әкімі Амандық Баталов қажетті қаражат бөліп, заманауи және сапалы нысанның бой көтеруіне өз үлесін қосты.

Кешеннің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген өңір басшысы А. Баталов:

— 1970 жылдары салынған «Динамо» спорт кешенінен осы күнге дейін көптеген спорт шеберлері мен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері түлеп шыққан. Елбасының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлері жыл сайын қызметіне сәйкестігін анықтау мақсатында аттестациядан өтіп тұратын болады. Кешен құрылысын үнемі назарымда ұстап тұрдым. Менің ойымша пайдаланылған құрылыс материалдары сапалы, құрылыс жұмыстары да құрылыс ережелеріне сай жасалған. Осы мақсатта бүгінгі ашылып отырған кешен әрбір тәртіп сақшысының физикалық бойын шынықтырудағы таптырмас дайындық орны. Полиция қызметкерлерінің түрлі спорт түрлерінен Қазақстан аумағында ғана емес, одан тыс шет мемлекеттерде де көрсетіп жатқан нәтижелерімен таныспыз.

Сіздердің қызметтеріңіз халықтың қауіпсіздігі, құқықтары мен елдің тыныштығын сақтау. Бұл қажырлы еңбекті талап ететін өте жауапты және қауіпке толы қызмет. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін, — деді.

Келесі болып құттықтау сөзін сөйлегендер —  Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Ұрымханов пен өткен ғасырда «Динамо» спорт кешенінің салынуына бірден-бір себепкер болған еңбек ардагері сөз сөйледі.

Құттықтау сөздерінен кейін жаңа кешеннің лентасы қиылып, жиылғандар кешеннің  ішкі құрылымымен танысты. ІІД бастығы М. Ұрымханов жиылғандарды бокс және күрес залдарымен, жүзу бассейнімен, одан кейін фитнес жаттығу залы, воллейбол және баскетбол ойнауға арналған залдармен, сондай-ақ шағын асханамен таныстырды.

Кешеннің ашылуына арналған шара аясында Алматы облысы әкімдігі, облыстың ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, Алматы қаласының ішкі істер департаменті, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің облыстық департаменті, төтенше жағдайлар департаменті командаларының қатысуымен шағын футбол және воллейбол ойындарынан тартысқа толы кездесулер өткізді. Кіл мықтыдан ең мықтылары анықталып, арнайы кубок пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алматы облысы әкімдігінің волейбол командасында облыс әкімі Амандық Баталов ойынның басынан соңғы секундына дейін қызықты ойын өрнегін көрсетіп, талай жастарға үлгі бола білді.

Ескерте кетсек, ғимарат Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионының маңында орналасқан. Кешенде спортта жақсы нәтижелер көрсету үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here