Домой Жаңалықтар Мәдениет «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады
«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады
мультфильмі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады.

Бұл анимациялық туындыны Шымкент қаласында «Сақ» киностудиясы әзірлеп жатыр.  Тарихи кеңесшісі — тарих ғалымдарының докторы, профессор — Жамбыл Артықбай. Режиссері — Батырхан Дәуренбеков.

Фильм желісінде Жәнібек пен Керейдің ұстазы болған Қарт батырдың оларға садақ ату, қылыштасу, жауынгерлік өнердің түрлі тәсілдерін үйретуі баяндалады. Ел басқаруда білімнің де маңызы зор екенін ұстазынан ұғынған Керей мен Жәнібектің Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәрістер алып, елге оралғанда түрлі ерліктерімен көзге түсе бастауы да қамтылған.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақ елі» мульфильмі барысында Керей мен Жәнібектің бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі. Олардың тай үйретеміз деп жүріп, қалай қарақшыларға тап болғандары, Қарт батырдың көмегімен қарақшыларды жеңіп шығуы суреттеледі. Осы эпизодқа арнайы жазылған «Қарақшылар» әнін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды кәсіби әншілермен қатар әзілімен танылған азаматтар Нұржан Төлендиев пен Берік Тұрсынбеков орындайды деп күтілуде.

Айта кетейік, «Қазақ елі» толықметражды мультихикаясының дайындалуы осыдан 9 ай бұрын басталған. Ол үшін бүгінде 50-ден астам маман күндіз-түні ауысыммен «Сақ» киностудиясында қызмет етуде. 1 сағаттық мультхикаяның жасау жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, тәуелсіздік күнінде тұсауы кесіледі. Сондай-ақ, «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады деп жоспарлануда.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here