Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып еркін күрестен Әлем чемпионы Қатаев Нұржан Жолымбекұлы тағайындалды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұржан Жолымбекұлы 1983 жылы ОҚО Төлеби ауданының тумасы. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2003 жылы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» дирекциясы мекемесінде спорттық нұсқаушы болып бастаған. 2009-2012 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің қаржы-шаруашылық бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап ҚР Бәсекелестікті Қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеген. 2014 ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі Стратегиялық даму департаментінде бас сарапшы. Ал 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері Комитетінде бас сарапшы қызметінде болған.
Еркін күрестен Әлем чемпионы. Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы. Төлеби ауданының құрметті азаматы.