Домой Жаңалықтар Мәдениет «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті

«Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті

«Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті

энциклопедиясының тұсаукесеріТараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсіміне танымал тарихшы-ғалымдармен бірге Сенат депутаттары, ЖОО ректорлары қатысты.

Энциклопедия Елбасының «Ата тарих аманаты – түркі дүниесінің бірлігі» атты сөзімен басталған. Ғылыми еңбек ТарМПИ жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығында дайындалды. Онда Қазақ хандығына қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері барынша молынан енгізілген. Қазақ хандығының тарихында өзіндік із қалдырған хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ақындар мен жыраулар және өзге де тұлғалар мен тарихи оқиғаларды жан-жақты қамтыған 360-қа жуық мақала, 300-ден астам сурет пен карталар берілген. Сонымен қатар, Қазақ хандығы тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер де бар. Энциклопедиялық басылымды даярлау туралы идеяның авторы – Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Бас редакторы – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.

Ғылыми еңбектің лентасын Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов салтанатты жағдайда кесті. Сондай-ақ, жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дария Қожамжарованың «Қазақ хандығы» атты монографиялық еңбегі де оқырмандарға жол тартты. Кітаптың алқызыл лентасын есімі елге белгілі тарихшылар Мәмбет Қойгелдиев пен Берекет Кәрібаев кесті.

Салтанатты жиында сенатор Жабал Ерғалиев, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Динар Нөкетаева, Шығыстану институтының директоры Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан Ғалымдар Одағының Президенті Оразалы Сәбден, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Жұмағұлов, тіл жанашыры Асылы Османқызы, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, жазушы Мархабат Байғұт жарыққа шыққан ғылыми еңбектер турасында жылы пікірін білдіріп, ұлт тарихы турасында кеңінен әңгіме қозғады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here