Домой Жаңалықтар Мәдениет Ұлттық академиялық кітапханада «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтеді

Ұлттық академиялық кітапханада «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтеді

Ұлттық академиялық кітапханада «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтеді

Ulttyq-akademiyalyq-kitaphana-660x330Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 14 қазан сағ. 15.00-де «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мұраларына арналған көптомдық бұрынғы облыс әкімі (қаз. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары) Асқар Мырзахметовтың бастамасымен бес жыл бойы жарық көріп келеді.

«Түркістан кітапханасы» сериясымен Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» баспасынан қазіргі таңда көптомдықтың 311 томы баспа бетін көрді. Жоспарға сәйкес, кітаптар сериясы 500 томға дейін жалғасады.

«Қазыналы Оңтүстік» көптомдығын шығарудағы мақсат – Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы мен мәдениетін, саяси-экономикалық жағдайын насихаттау. Осылай, Қытайлық қаламгерлердің үлгісімен «Түркістан кітапханасы» сериясы бойынша мәдени мұраларды жинақтап, ұрпаққа аманаттау жұмыстары тұңғыш рет оңтүстік өңірде бастау алып отыр.

Аталған серияның екінші томы ертегілерге, тағы бір томы толығымен майданнан келген хаттарға арналған. Айталық, әйгілі фольклорист әрі этнограф Ә. Диваев пен Ташкент мұғалімдер семинариясының оқытушысы болған Я. Люшьтьтің бұрын баспа бетін көрмеген ертегілері еніп отыр. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері», «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты», «А. Иассауи кесенесі», «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы» тәрізді тарқырыптар да қамтылған.

Бұл күнгі шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев, көптомдықтың редакциялық алқа төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы Қазыбек Тәжиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей, автор Құралбек Ергөбек, жазушы Момбек Әбдәкімұлы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, «Нұрлы әлем» баспасының президенті Дәулет Жарылқасын, редакциялық алқа мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы Тарих және этнология институтының директоры Мәмбет Қойгелдиев, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, белгілі дінтанушы, теолог-ғалым Досай Кенжетай, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ержан Исақұлов, Парламент депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, профессор Сейіт Қасқабасов, жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлы, жазушы Төлек Әбдік, сондай-ақ редакциялық алқа мүшелері, авторлар, ғалымдар мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих және филология факультетінің студенттері қатысады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here