Бүгін Бурабайда Қазақстанның төрағалығымен ТМД елдерінің басшылары кеңесі өтеді. Оған Қазақстан президенті Н.Назарбаев, Ресей президенті В.Путин, Қырғызстан президенті А.Атамбаев, Беларусь президенті А.Лукашенко және Армения президенті С.Саргсян қатысады.
Жиын барысында ЖЕЭК мүшелері өзекті мәселелерді талқылап, одақтың әрі қарай дамуы туралы сөз қозғайтын болады.Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады. Негізінен Еуразиялық экономикалық одақтың 2015-2016 жылдардағы халықаралық қызметі туралы келісімдер болмақ.
Кеңес барысында Израиль мемлекетімен еркін сауда аймағын құру мәселесі қарастырылады.
Сондай-ақ Кеңес қатысушылары лаңкестік қауіпке бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін де талқылайды.