Павлодарда өткен Омбы күндері аясында көрші мемлекеттен жүзден астам кәсіпкер келді. Екі жақтың іскер азаматтары сауда-саттық байланысты дамытып, бірлескен кәсіпорындар ашу және дайын өнімді өткізу мәселелерін талқылады. Омбы кәсіпкерлері химия, мұнай-химия, отын-энергетика, құрылыс, көлік, қызмет көрсету, өңдеу және ауылшаруашылығы саласындағы өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қабылдаушы тарап болса ішкі экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда қарым-қатынастың жаңа түрін енгізіп, келісімдер биржасын ашты. Бизнес алаңында екі жақтың кәсіпкерлері бір-бірімен танысып, ақпарат алмасты. Келісімдер биржасы Павлодар мен Омбы арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің нығаюына септігін тигізеді.