Бүгін Нью-Йоркте 34-ші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин үшінші чемпиондық титулына қол жеткізді.
Давид Лемьемен кездесер алдында Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ассоциациясы) чемпиондық титулдардың иегері болатын. Бүгінгі жеңісінен кейін ол Лемьенің IBF (Халықаралық бокс федерациясы) титулын өз қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, Головкин WBC Interim (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) уақытша чемпиондық титулының да иегері.