Кеше Алматы облысында жалпыоблыстық сенбілік өтті. Шараға өңір басшысы Амандық Баталов бастап барлық мекемелері мен ұжымдарының қызметкерлері, студенттер, оқушылар және қаланың тазалығы мен көркін келтіруге бей-жай қарамайтын барша жетісулықтар қатысты.
Қаратал өзенінің жағалауында абаттандыру жұмыстары қолға алынып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша сенбілік аясында қайың, қарағай, емен көшеттері отырғызылды. Бұл күні талдықорғандықтар жалпы 3000-на астам көшет отырғызды.
Осындай тазалық сенбілігі облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда да өтті.
Айнұр МАРАТ, Асқар АБАЙҰЛЫ (ФОТО)