Бүгін Алматы қаласында Алматы облысының ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің күзгі жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен 3 қаласынан ең сапалы 113 тонна жеміс-жидек және көкөніс, 95 тонна ет және шұжық өнімдері, 22 тонна сүт және сүт өнімдері, бал және өзге де Жетісу өлкесінің экологиялық таза өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеде жалпы құны 110 млн. теңгенің өнімі сатылды.
Жәрмеңкеге қойылған өнімдердің бағасы нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудаланды. Алматы жұртшылығы сондай-ақ май, жарма, макарон өнімдері мен өзге де азық-түлікті тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы шаһарына жалпы көлемі 290 тонна экологиялық таза әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдері әкелінді, — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіров.