Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған аралас жекпе-жектен «Алтын Орда» халықаралық турнирінде Арман Оспанов Джо Элмордан айласын асырды.
«О баста Арман Оспанов Расул Мирзоевпен кездесуі керек болатын. Алайда ресейлік жарақатына байланысты ұрысқа қатыса алмады. Мирзаевты америкалық спортшы Джо Элмор алмастырды», — деп хабарлады «Alash pride» клубының баспасөз қызметінен.
Аралас жекпе-жектен өткен «Алтын Орда» халықаралық турниріне әлемнің 8 елінен 24 кәсіпқой спортшы қатысты.