Домой Жаңалықтар Әлем Мексикада су қоймасы тартылып, астынан көне ғибадатхана шықты

Мексикада су қоймасы тартылып, астынан көне ғибадатхана шықты

Мексикада су қоймасы тартылып, астынан көне ғибадатхана шықты
Мексикада су қоймасы тартылып, астынан көне ғибадатхана шықты
ғибадатхана

Мексиканың Чьяпас штатында орналасқан су қоймаларының бірі соңғы жылда құрғақшылықтың салдарынан 24 метрге дейін тартылып кетті. Бұл елдегі шаруаларды айтарлықтай алаңдатқанымен, археолог-ғалымдар үшін қуанышты жайт болып отыр. Өйткені, көлдің тартылуы нәтижесінде оның түбінде жатқан көптеген жәдігерлер су бетіне шыққан. Солардың бірі 400 жылдық тарихы бар көне ғибадатхана деп хабарлайды The Independent.

Архитекторлардың айтуынша, ғимарат XVI ғасырда испан отарлаушыларымен салынған. Қазір су бетінде оның қабырғалары көрініп тұр. Ең биік тұсы — 10 метр, ғимараттың жалпы ұзындығы — 61 метр, ені — 14 метр.

Ғибадатхана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары су астына кеткен болатын. Себебі, оның маңына үлкен дамба салынған. Жергілікті ғалымдар бұған дейін де нысанның төбесі су бетіне шығып қалатын кездердің болғанын айтады. Дегенмен, дәл мұндай кескінді алғаш рет көріп отырмыз дейді олар.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here