Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында бозбалалар арасында республикалық турнир басталды

Алматы облысында бозбалалар арасында республикалық турнир басталды

Алматы облысында бозбалалар арасында республикалық турнир басталды
Алматы облысында бозбалалар арасында республикалық турнир басталды
республикалық турнир

Алматы облысында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК-ның оқу-жаттығу орталығында жастар арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнир бастау алды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру Қазақстан Қарулы Күштері қызметінің маңызды құрамдасы, әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштерде әскери қызметке дайындау, әскери қызмет өткеру кезінде қажет олардың дағдысы мен шеберліктерін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, дене тұрғысында жетілдіру, жастарды әскери-қолданбалы және техникалық даярлау болып табылады.

Осының аясында Алматы облысында әскерге дейінгі жастағы бозбалалар арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнир өтті. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облысы мен Алматы қаласынан жиналған командалар Панфиловодағы спорттық базада бас қосты.

Екі жас ерекшелігі топтарының бозбалалары 14-15 жастан кіші және 16-17 жастан үлкендер өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Турнир үш күн бойы, яғни, 16, 17 және 18 қазанда өтеді. Әр күні спорттың жекелеген әскери-қолданбалы түрі, кешенді жекпе-жекпе турнирі, әскерилендірілген кросс және пневматикалық винтовкадан оқ ату ұсынылатын болады.

Турнирдің ашылу рәсімі 16 қазанда өтті. Оған жеңіл атлетикадан олимпиадалық чемпион Ольга Шишигина, спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша ҚР мемлекеттік бапкері Мәдениет Жақыпов, ҚР ҚМ СК-АОСК-ның тәрбие-идеологиялық жұмыстары бөлімінің бастығы Мейіржан Жұмабаев пен ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттығу орталығының бастығы Микаил Климатов қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінуде. Барлық өңірлерде, қалаларда жастарымыздың оқуына, спортпен шұғылдануына және өз Отанының лайықты азаматының барлық қасиеттерін сіңіруі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here