Домой Жаңалықтар Қоғам Алматыдағы жәрмеңкеге Жетісу өлкесінен 110 млн теңгенің өнімі жеткізілді

Алматыдағы жәрмеңкеге Жетісу өлкесінен 110 млн теңгенің өнімі жеткізілді

Алматыдағы жәрмеңкеге Жетісу өлкесінен 110 млн теңгенің өнімі жеткізілді

Алматыдағы жәрмеңкеге Жетісу өлкесінен 110 млн теңгенің өнімі жеткізілдіКеше Алматы қаласында Алматы облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілерінің күзгі жәрмеңкесі өтті.

«Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен 3 қаласынан ең сапалы 113 тонна жеміс-жидек және көкөніс, 95 тонна ет және шұжық өнімдері, 22 тонна сүт пен сүт өнімдері, бал және өзге де Жетісу өлкесінің экологиялық таза өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеде жалпы құны 110 млн теңгенің өнімі сатылды», — деп мәлімдеді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіров:

— Жәрмеңкеге қойылған өнімдер нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудаланды. Алматы жұртшылығы сондай-ақ май, жарма, макарон өнімдері мен өзге де азық-түлікті тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы шаһарына жалпы көлемі 290 тонна экологиялық таза әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдері әкелінді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here