Домой Жаңалықтар Қоғам Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

0
Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздары әскер қатарына аттандыБүгін Талдықорған қаласында облысымыздың 55 жас сарбазды «Шығыс» аумақтық басшылығының Құрлық әскерлері қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараның басты мақсаты — жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, әскер қатарына қосылған сарбаздарды жас ер азаматтарға үлгі ету арқылы Отанға адал болу және Отан алдындағы борышын өтеудің абыройлы іс екендігіне көз жеткізу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру.

Шараға әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, әскер қатарына шақырылған азаматтардың ата-аналары, Талдықорған қаласының жоғары оқу орындары, колледж, лицей және мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев құттықтау сөзінде:

— Құрметті сарбаздар! Біздің облысымыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеуші азаматтардың,  келісімшарт негізінде қызмет етуші және әскери жоғары оқу орындарында оқып жатқан курсанттар саны бойынша республикада алдыңғы қатарда. Әскер қатарына шақырылған біздің облыстың азаматтары әрдайым өздерінің моральды және дене бітімі тұрғысындағы мықтылығымен ерекшеленеді.

Құрметті әскер қатарына шақырылушылар! Тәуелсіз мемлекетімізді төзімділікпен, адал әрі жоғары абыроймен қорғайтындықтарыңызға сенім білдіремін, — деді.

Осыдан кейін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Ардагерлері кеңесінің» Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Талғат Бердікенов, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының мүшесі Рүстем Қанапиянов сарбаздарға сәт — сапар тіледі.

Осы күні Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінің өнерлі сарбаздарының күшімен әзірленген концерттік бағдарлама, әскер қатарындағы жауынгерлердің қоян-қолтық жекпе-жек өнерінен көріністер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарындағы заманауи қару-жарақтар мен әскери киім үлгілерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Шараның соңында Талдықорған қаласының орталық алаңына жиналған жұртшылық жас сарбаздарға ақ жол тілеп, оларды арнайы бөлінген автобусқа мінгізіп, шығарып салды.

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here