Қазақ халқының ұлы ақыны, қысқа ғұмырында өлмес мұра қалдырып кеткен сыршыл лирик Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Отан, туған ел, туған жер тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, адамдар арманы, махаббат тақырыптарында жырлап өтті.
Ол қазақ әдебиетінен өзіндік дара орын алған, қазақ халқының әр кезеңде басынан өткен тарихын, жан дүниесін тереңнен толғайтын, шығармаларында махаббат, сүйіспеншілік тақырыптары ерекше орын алатын. Поэзия ғана емес аударма саласында да өзінің қолтаңбасын қалдырған тұла дарын иесі.
Ақиық ақынның “Жылап қайттым өмірдің базарынан”, “Аманат” атты жыр жинақтарын Моңғолияға еңбек сіңірген мәдениет қайраткер, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты, ақын, аудармашы Б.Монголхүүдің моңғол тіліне тәржімалауы ежелден қоныстас, тағдырлас, отандас моңғол оқырмандарына оның талант дарыны, поэзиядағы дарашылдығын таныту, дәріптеу болып табылары сөзсіз.
Мың жылда бір туылатын қазақ халқының ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқыған моңғол оқырмандары Моңғолияның ұлы ақыны Р.Чойномның өлеңдерін оқығандай әсер алып, сүйсіне оқиды дегенге сенеміз.
Жанерке Ташкенқызы
KAZNEWS