Бүгін Бейбітшілік пен келісім сарайында XI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді деп күтілуде. 24 қазанға дейін жалғасатын биылғы Дельфи ойындары Қазақ хандығының 550-жылдығына арналмақ. Ал шараның ұйымдастырушылары Ұлттық Дельфи комитетінің қолдауымен Қазақтан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі және «BAQ ORDA» Media Group болып табылады.
Дельфи ойындары – заман талаптары қажет ететін өнер саласындағы жас мамандардың жыл сайынғы жарысы. Бұл жарыс өнер түрлерінің барлығын — бейнелеу өнерін, орындаушылық, қолданбалы өнер, сөз өнерін қамтиды. Биыл өнер жарысында еліміздің 14 облысының түкпір-түкпірінен және Астана, Алматы қалаларынан бес жүзден астам дарынды қатысушылары жиналды.
Ашылу рәсімінің қонақтары болып «Ұлытау» тобы, «Славянский базар-2015» халықаралық конкурсының жеңімпазы Димаш Құдабейргенов, Қазақтанның халық әртісі Айгүл Елшібаева және Халықаралық Дельфи Ойындарының жеңімпаздары қатысады.Сонымен қатар Халықаралық Дельфи Комитетінің төрағасы Артемий Панянин да іс-шараның арнайы қонағы болады деп жоспарланған.
Қатысушылардың жұмыстарын Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Айман Мұсаходжаева төрағасы болып табылатын кәсіби мамандардан құралған әділ қазылар алқасы бағалайды күтілуде.
— XI Ұлттық жастар Дельфи ойындары «Тарих толқынында!» ұранымен өткізіледі және мемлекетіміздің мәдени өмірінде өте маңызды орынды алады. Жыл сайын Дельфи ойындары жас таланттарды ашуға және қолдауға мүмкіндік береді. Қатысушылар құрамы барлық халықаралық стандарттарға сай, әр номинация бойынша қойылатын талаптар қиын келеді. Осы Ойындардың жеңімпаздары 2016 жылғы халықаралық жарысқа қатысады, — дейді «BAQ ORDA» Media Group директоры Мәди Манатбек.
Айта кетейік, биылғы жылы қатысушылар ұлттық жанрлар, классикалық және заманауи өнер түрлеріне сәйкес 20 номинация бойынша сыналады. Осы жылы екі жаңа номинация қосылды — «битбокс» пен «веб-дизайн».