Домой Сауалнама «Астананың» Мадридке қосалқы құрам апаруын қалай бағалайсыз?

«Астананың» Мадридке қосалқы құрам апаруын қалай бағалайсыз?

0
«Астананың» Мадридке қосалқы құрам апаруын қалай бағалайсыз?

atletico_astana_1

Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғап жүрген «Астана» Мадридтің «Атлетикосымен» ойынға негізгі құрамындағы бірнеше ойыншысын апармады. Бұл туралы танымал спорт журналисі Есей Жеңісұлы мен спорт жанкүйері Есен Елеукеннің пікірі екі түрлі. Ал, сіз қандай пікірдесіз?

Чемпиондар лигасы — құрбандыққа шалатын турнир емес
«Астананың» бұл шешімі дұрыс

Есей Жеңісұлы — «Айқын» газетінің шығарушы редакторы, спорт журналисі:

Менің ойымша, Стойловтың өз еркіне салса, ол Мадридке негізгі құрамды апарар еді. «Астана» Чемпиондар лигасының топтық турниріне шығу арқылы Қазақстанның ғана емес, Стойловтың да даңқын көтерді. Бұған дейін осы мәртебелі турнирге «Левскиді» алып шығып, барлық кездесуде туы жығылған бапкер сол қатесінен қорытынды шығарғысы келмейді дейсіз бе? Бұл жерде одан да құдіреттілердің қалауы сол болып отыр — «Астана» 25 қазандағы «Қайратпен» матчта чемпиондық елесті нақты іске айналдырғысы келеді. Әттең, бұл әрекеттен басқа ешкім емес, қазақ футболы зардап шегеді. 2002 жылы УЕФА-ға өткенде, біз әр команданың аптасына кемі екі матч ойнайтынын білдік қой. Жеме-жемге келгенде, әлемдегі ең мәртебелі турнирді де құрбандыққа шалып, ішкі чемпионатты алға шығарып отырмыз. Әрине, «Астана» екінші рет чемпион атанса, Чемпиондар лигасының іріктеуіне тағы қатысады. Бірақ армандаған турнирдің топтық кезеңіне шығып алып, аузының сүті кеппеген жас балаларды ойнату кімге керек? 2007 жылы «Астана-1964» командасы да «Русенборгтан» өз алаңында ұтылып, сырт алаңда қосалқы құрам ойыншыларын ойнатып, 1:7 болғаны бізге аз ба? Әлде «Шахтер» сияқты, 2013 жылы АЗ командасымен Еуропа лигасының топтық турнирінде аралас құраммен ойнау бізге ұпай әкелді ме? УЕФА-ға мүше 54 елдің 20-дан астамы Чемпиондар лигасының топтық турниріне шығуды әлі армандап жүр. Біз шықтық екенбіз, неге азаматтарша ойнамаймыз? «Астананың» аралас құрамы «Атлетикоға» қарсы өте жақсы ойнап жатса қуанармыз, бірақ бәрібір көңілде дық қалады. Чемпиондар лигасы — құрбандыққа шалатын турнир емес.

Есен Елеукен — Қазақстан КВН Одағының Президенті, спорт жанкүйері:

Реалист болайық, «Атлетиконың» екінші құрамы да күшті «Астанадан». Бұл ойында мүмкіндіктері аз екенін сезеді. Негізгі мақсаттары топтық кезеңіне шығу еді, оны орындады. Ендігі мақсат — Еуропа Лигасына өту. Өткенде Бенфика матчынан кейін ойыншылары шаршап қалып, келесі ойында ішкі чемпионаттағы басты қарсыластары «Қайраттан» ұтылды. Бұл жолы негізгі күштерін сақтап, «Қайрат» матчын ойлаулары заңды. Чемпиондық арқылы келесі жылы тағы да Чемпиондар Лигасына қатысқылары келеді. Бір жағынан ҚПЛ-да да бәсекелестіктің пайда болуы, чемпионаттың қызықты өтуі де қуантады. Сондай-ақ бүгін алаңға өзіміздің біраз қаракөз бауырларымыз шығады, олар үшін де жақсы мотивация өздерін көрсетуілері үшін. Ұлттық Құрамада Красножан да Голландияға қарсы күшті ойыншыларын шығармай, келесі ойында Латвияны жеңді емес пе? Сондықтан «Астананың» бұл шешімін дұрыс деп есептеймін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here