Ағымдағы жылдың 28 қазанынан бастап, YouTube ақылы жазылу жүйесін енгізеді. Ақылы жүйеге өткен пайдаланушыны жарнамалық роликтер мазаламайтын болады. Бұл туралы интернет-портал таратқан хабарламада айтылған, деп жазады ТАСС.
Жаңа жүйенің жызылым атауы — YouTube Red, оның құны айына $9,99 болмақ. Осындай қаражат төлей отырып, қолданушылар ешбір шектеусіз видеолар көре алады және интернетке қосылмай-ақ оларды жүктей алады. YouTube Red компьютерлерге де, мобильді құрылғыларға да қолжетімді.