Домой Жаңалықтар Қоғам Ғарыш саласының 2017 жылға дейінгі жұмыс жоспары жарияланды

Ғарыш саласының 2017 жылға дейінгі жұмыс жоспары жарияланды

Ғарыш саласының 2017 жылға дейінгі жұмыс жоспары жарияланды

 Ғарыш саласының 2017 жылға дейінгі жұмыс жоспары жарияландыОсы күндері Алматыда «Алдыңғы қатарлы ғарыш зерттеулері мен технологиялары» тақырыбында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік семинар барысында ғарыш саласын дамыту жоспары жарияланды. Ғарыш зерттеу орталығының қызметкерлері ХҒС-да жүргізілген сынақ жұмыстарын зерттеуге кірісті.

 Айдын Айымбетов ғарышта болған кезінде жүргізген зерттеу материалдары Жерге келіп жетті.

«Айдын Айымбетов жүргізген сынақтардың бәрі сәтті өтті. Осыдан бірнеше күн бұрын ХҒС бортынан мәліметтері бар қатты диск келіп жетті. Оның ішіндегі мәліметтерді мамандар арасында үлестіріп жатырмыз. Әзірге нәтиже зерттелу үстінде», — деп «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ президенті Жұмабек Жантаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2015-2017 жылдарға келесі әрекеттер жоспарланған:

2015 жыл – ХҒС бортында сынақтар жүргізу үшін техникалық тапсырмалар мен арнайы құжаттамалар әзірлеу.

2016 жыл – ХҒС бортынан келген сынақ нәтижелерін зерттеу, оларды жер бетінде сынап, тексеру.

Bnews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here