Алматы облысында қант қызылшасын өсіруші шаруалардың еңбегі өз жемісін беріп жатыр. Қант қызылшасын өндіруді қайта жандандыру туралы Елбасының тапсырмасын толықтай орындауға бел буған жергілікті шаруалардың еңбегіне олардың Жетісудың жауһарына баланған өнімі айқын дәлел бола алады, деп хабарлайды Алматы облысының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда КТ «Хильниченко и К» үш бригадасы өз жұмыстарының қорытындысын жасады. Тәтті өнім алу бойынша Көгенбаев Досмухан жетекшілігіндегі №2 бригада көш басында. Бұл бригада диқандары 42 гектар алқаптың әр гектарынан 770 центнерден өнім алды.
«Жалпы қожалық бойынша әр гектардан орта есеппен 739 центнерден астық жиналып отыр. Дей тұра, бұл көрсеткіш әлі де өсетініне мен сенімдімін», — дейді В. П. Хильниченко.
Айта кетейік, барлығы 4 020 гектар егіс алқабының бүгінгі таңда 1 160 гектары, яғни 29% игерілді. Орташа есеппен алғанда әр гектардан 300 центнер өнім ала отырып, барлығы 34 600 тонна қант қызылшасы алынды.