Елордамызда конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл чемпионатқа еліміздің сегіз аймағынан 150-ге жуық спортшы келіп, белгілі бір қашықтықта жекелей жүгірістен кім мықтыны анықтауда.
Биылғы маусымдағы екінші жарысқа ұлттық құрама үздіктері Денис Кузин мен Екатерина Айдова да қатысады. Осы аптаның соңына дейін жалғасатын біріншілікте көзге түскендер Қазақстан құрамасының сапына алынып, әлем кубогы кезеңдеріне дайындалады.