«Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған…» деген еді қазақтың асқақ ақыны Мұқағали Мақатаев.
Әрине, ақын ағамыз жырлағандай, табиғаттың қыбырлаған жәндіктеріне сүйіспеншілікпен қарау қажет, оларды қорғау керек. Себебі жан — жануарлар, аңдар – ғаламдағы ғажайып жаратылыстардың бірі, табиғат туындысы. Және тағы бір қызығы, аңдар да адамдар секілді өз баласын көзінің қарашығындай қорғайды, өзгелерден қызғанады. Соның айқын көрінісі бола алатын суреттерді біз сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.