«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен, ҰОС ардагерлер кеңесі және ҚАЗГЗИУ әскери кафедрасымен бірлесіп Әлия Молдағұлованы еске алу күнін өткізді. 25 қазанда қазақ халқының жаужүрек қызы, Кеңес Одағының батыры 90 жасқа толар еді.
28738 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Игорь Тихоненко жас әскери қызметшілерге, әскери кафедраның студенттеріне құралайды көзге атқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы айтып берді. «Ұлы Отан соғысы жылдарында Әлия 2-ші Балтық жанындағы маңдейшебі 22-ші армияның 54-ші жекелеген атқыш бригадасында қызмет атқарды. Кеңес Одағының батыры қайтыс болғаннан кейін берілді. Ол қарсыластың 78 сарбазы мен сардарын қырып-жойған. Оның есімі өз халқына деген адалдық пен қызмет етудің нышаны болып табылады», — деді ол.
Естелік іс-шара барысында «Шығыс» ӨңҚ бөлімдерінің әскери қызметшілері, соғыс және еңбек ардагерлерінің хоры, әскери кафедра хоры, сондай-ақ «Жас ұлан» сарбаздар әні байқауы және «Виват Победа» мәскеу фестивалінің лауреаты 36803 ә/б келісімшарт қызметінің сержанты Жанна Омарбекова «Қазақстан жері», «Снег на погонах», «Жеңіс», «Әлия», «Сарбаз туралы баллада», «Сарбаздың анасы», «45 жылдардың хаты» және тағы басқа әндерді шырқады.
Еске алу күнінің соңында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының шайқас алаңында көз жұмғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды.
«Өскелең ұрпақ, жастар қазақ халқының ұлы қызының қайсарлығын мәңгі жадыңда сақтауы тиіс. Өз ғұмырын ойламай, ол жүздеген отандастырымыз сияқты аяусыз және қантөгіс алаңында өмір, бейбітшілік, болашақ үшін күресті», — деді соңында Ұлы Отан соғысына қатысқан Ғабдулғазиз Ахмеров.