Домой Жаңалықтар Қоғам Айдын Айымбетов әуе-қорғаныс күштерінің туын жас ұшқыштарға табыстады

Айдын Айымбетов әуе-қорғаныс күштерінің туын жас ұшқыштарға табыстады

Айдын Айымбетов әуе-қорғаныс күштерінің туын жас ұшқыштарға табыстады

Айдын Айымбетов әуе-қорғаныс күштерінің туын жас ұшқыштарға табыстадыЕліміздің үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Айымбетов ҚР Қарулы күштері Әуе-қорғаныс күштерінің әскери-әуе ұшқыштарымен кездесіп, Әуе-қорғаныс күштерінің ғарышқа барып келген туын жас ұшқыштарға табыстады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Мен ғарышқа ұшуға 1998 жылда бері дайындық жүргіздім. Осылай халықтың алғысына бөленіп жатқаныма ұстаздарымның қосқан үлесі зор. Училищеде оқып жүрген кезімде Тоқтар Әубәкіров ағамыздың ұшқанын көріп қызыққан едім. Кейіннен ол кісінің ақылдарын көп тыңдадым. Ұстазым болды. Ұшқыш болып қалыптасуыма көп ықпал етті, – дейді Айдын Айымбетов.

Ғарышкер ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовке әуе-қорғаныс күштерінің ғарышқа барып келген туын салтанатты түрде табыстады.

Оның айтуынша бұл ту кеңістікте болып, жерді 156 рет айналып ұшып өткен екен.

Өз кезегінде Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Айдын Айымбетовты әуе қорғанысының төлбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ ғарышкер Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы медальды тапсырды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here