Домой Жаңалықтар Қоғам Қазақстан жастары үшін еріктілік жаңа тренд

Қазақстан жастары үшін еріктілік жаңа тренд

Қазақстан жастары үшін еріктілік жаңа тренд

Қазақстан жастары үшін еріктілік жаңа тренд«Еріктілік-жаңа тренд ретінде» дәл осындай атаумен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа мемлекеттік органдардан, бизнес-құрылымдардан, қоғамдық ұйымдардан, «Болашақ» бағдарламасының түліктерінен және түрлі деңгейдегі жастар өкілдерінен құралған 60 –тан астам адам қатысты.

Пікірталас алаңының модераторы ретінде сөз алған Қазақстанның еріктілер альянсының атқарушы директоры Нұрлан Досумов «ЭКСПО – 2017» ұлттық жобасына дарынды жастардың қатысу маңыздылығы және өткізіліп жатқан іс шаралар, жалпы ұйымдастыру жұмыстары туралы айтты.

«Ерікті болудың артықшылықтары» тақырыбында сөз алған «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әнуар Нұрпейісов: «Біз «ЭКСПО – 2017» ұлттық жобасының арқасында жастар арасындағы еріктілер қозғалысын ілгерлету бойынша ауқымды кампания жүргізе аламыз»,- деді.

Сондай-ақ Әнуар қатысушыларға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының кеңсесінде «ЭКСПО – 2017» еріктілер қозғалысының супервайзерлеріне іріктеулер жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

«Көрмедегі супервайзерлердің міндеттеріне еріктілер отрядын ұйымдастыру және үйлестіру кіреді. Іріктеліп алынған супервайзерлер әлемнің түпкір-түпкірінен көрмеге арнайы келетін қонақтарды қабылдау және оларды қарсы алудың тәртіптерінің бірнеше бағыттары бойынша оқытылады. Еріктілерді оқытуды тек қазақстандық тәжірибелі мамандар жүргізеді. Біз бірінші кезекте, ісіне жауапты, көп тіл білетін, адамдармен тез тіл табысқыш және белсенді жастарға басымдылық берудеміз»,- деді Әнуар.

Аталған іс-шараның соңында қатысушылар өзінің жаңа идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті, сонымен қатар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here