Қарақат Әбілдина болашақ жарды қалай таңдау керектігін айтты.
Қарақат Әбілдина үйлену оңай, үй болу қиын екенін меңзей отырып, жастарды мұндай қадамға бармас бұрын саналы шешім екеніне көз жеткізіп алуға шақырады. «Кез келген қыз баласы жар таңдағанда әкесіне ұқсағанын қалап тұрады. Ол жақсы. Ал екеуі де бір мамандық иесі болса, тіптен керемет», — дейді әнші өз отбасын үлгі етіп.
Қарақат Әбілдина бір саладан жар таңдағанның жақсы тұстары жайлы айта келіп, Қыдырәлі екеуінің кез келген уақытта бір-біріне жанашыр, тілекші бола алатынын баса айтты.
Сондай-ақ, әншінің ойынша, жігіттің шыққан тегі, денсаулығы да өте маңызды. Себебі, болашақ ұрпағыңның ақылды, дені сау болғаны абзал.