Кеше Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Бигелдиевтің төрағалығымен облыстық мәслихат хатшысы, облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтер әкімдері, 5000-нан жоғары халық саны бар ауылдық округ әкімдіктері есепшілерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Кеңес барысында Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және облыстық кірістер департаментінің басшылары өз баяндамаларында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджетін қалыптастыру жолдарын түсіндіріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асыру мақсатында бұған дейін облыста арнайы комиссия және бес жұмыс тобы құрылған болатын.
100 нақты қадамның бірі 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді көздейді (98-қадам).
Қазіргі уақытта осы бағытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.