Домой Жаңалықтар Мәдениет Сүйінбай ақынның саябағы ашылды

Сүйінбай ақынның саябағы ашылды

Сүйінбай ақынның саябағы ашылды

Сүйінбай ақынның саябағы ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында Жетісу ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойы өтті.

Төрт күнге созылған ақынның дүбірлі тойының қорытындысы іспеттес айтулы шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Парламент депутаттары, сонымен қатар Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Түркия мемлекетінің өкілдері арнайы келді.  

Мерейтой шымылдығы 21 қазан күні Талдықорған қаласында Сүйінбай Аронұлының ескерткішіне гүл қоюмен ашылып, «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты Халқаралық айтыспен жалғасқан болатын. Айтыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдеге жетісулық Жандарбек Бұлғақов ие болды. 22 қазанда Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылдық Мәдениет үйінде «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтсе, 23 қазан ақынның мерейтойы Алматы қаласында «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ғылыми конференцияға жалғасқан еді.

Ал кеше жыр сұлейінің туған жері Қарақыстаққа келген қонақтар алдымен Сүйінбай Аронұлының кесенесінде болып, рухына тағзым етті. Мұнан соң ақынның биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып-жаңғырған мұражайына атбасын тіреп, жәдігерлермен танысты. Сөйтіп, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Сүйінбай атындағы саябақты және ескерткішті салтанатты түрде ашты.

Артынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас директоры Дүйсен Қасейінов, Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин, профессор ғалым Төлеген Қожамқұлов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовтар мерейтойлық концертте қазақ халқын бүгінгі айтулы күнмен құттықтап, Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойының соңы «Көкбастау» ипподромында ұлттық ат спорты жарыстарына ұласты.

а

п

р

12181788_912874952137572_307675407_n

12180215_912875025470898_731172647_n

12180007_912874975470903_330087547_n

12179685_912875042137563_292676688_n

12179035_912875045470896_1273383240_n

12179035_912875038804230_2088136985_n

12188641_912874992137568_176171869_n

12177771_912875085470892_334983173_n

12180215_912875025470898_731172647_n

 А. МАРАТ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here