Қырғызстандық Дастан Лепшаков Имарта қаласында (Финляндия) бильярдтан «Серпінді пирамида» түрі бойынша өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Қырғызстандық әлем чемпионы барлық 6 матчта қарсыластарынан басым түсті. Ширек финалдағы аса шиеленісті өткен ойында ол украиндық Павел Родионовты 9:6 есебімен ұтты.
Одан әрі жартылай финалда Никита Ливаданы (Ресей) және шешуші ойында беларустік Евгений Салтовскиді жеңді. Екі ойын да бірдей 7:1 есебімен Д. Лепшаковтың пайдасына шешілді.