Домой Жаңалықтар Қоғам Құрылыс нысандары бақылауда

Құрылыс нысандары бақылауда

Құрылыс нысандары бақылауда

Құрылыс нысандары бақылаудаҚұрылыс нысандары Алматы облысының әкімі Амандық Баталовьтың бақылауында.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып қайтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының Алматы-Өскемен айналма жолы аралығын абаттандыру, Қаратал өзені жағалауының құрылысы, «Қаратал» ықшам ауданы мен Тәуелсіздік көшесінің аралығындағы скверді абаттандыру және жаңа «Жастар» саябағының құрылыс жұмыстары, Оқушылар сарайының құрылысы мен Талдықорған — Алматы тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Облыс әкімі А. Баталов өз сөзінде:

— Талдықорған қаласы өзінің тазалығымен және жасыл желегімен ерекшеленеді. Сол себепті барлық құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың айналасы абаттандырылып, көгалдандырылуы тиіс. Жаңадан отырғызылған жас көшеттерді күтіп-баптауды осы істің мамандары жүргізуі керек. Барлық нысандарда сапалы құрылыс материалдары пайдаланылып, онда барлық құрылыс ережелері мен нормаларының сақталуы назарда болуы қажет. Қалаға деген көзқарас оның кіре берісінен қалыптасады. Сол себепті қалаға кіреберіс тұстарда салынып жатқан нысандар өзінің қайталанбас сұлулығымен және бірегейлігімен көздің жауын алып тұруы шарт, — деді.
Бүгінгі күні облыс орталығы Талдықорған шаһарында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысында әртүрлі кемшіліктердің де орын алып жатқаны байқалды. Облыс әкімі Амандық Баталов анықталған кемшіліктерге қатысты құзырлы мекеме басшылары мен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылыларына сын-ескертпелерін білдіріп, жақын уақытта аталған кемшіліктерді түзету және құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтау туралы нақты тапсырмалар берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here