Домой Жаңалықтар Қоғам «Сыбаға» — ауыл шаруашылығына қолдау

«Сыбаға» — ауыл шаруашылығына қолдау

«Сыбаға» — ауыл шаруашылығына қолдау

"Сыбаға" - ауыл шаруашылығына қолдауЕлбасының ауыл шаруашылығы саласына бағытталған тапсырмаларының бірі ет экспортын ұлғайту. Жоспарға сәйкес 2016 жылға дейін жылына 60 мың тонна ет шетелге шығарылуы тиіс.  Осы бір ауқымды бағдарламаға Алматы облысы, Панфилов ауданының кәсіпкерлері де атсалысып жатыр.

Бүгінде ауданда мал бордақылау алаңдары көбейіп, ішкі нарықпен қоса сыртқы нарыққа арнап ет өнімдерін әзірлеу басталды. Жақында жергілікті кәсіпкер тағы бір мал бордақылау кешенін іске қосты.
Бануля Разиева Талды ауылдық округінің тұрғыны. 3 жылдан бері жеке кәсібін ашып, мал шаруашылығымен айналысып келеді. Істің тиімділігін түсінген шаруа қожалық жетекшісі мемлекеттік бағдарлама көмегімен кәсібін дөңгелетуді жөн көріпті. Сыбаға бағдарламасымен 10 жылға 15 миллион теңге қаржыны алды. Оған 3 гелифорд тұқымды бұқа мен 90 бас аналық сиыр алған. Сондай-ақ 100 бас сыятын шағын мал бордақылау алаңын салды.
Бануля Разиева, шаруа қожалық жетекшісі:
Мал алуға өзіміздің қаржымыз жетпеген соң «Сыбаға» бағдарламсынан көмек алайын деп шештім. Мен өз шаруашылығымда осы етті бағытта дамытқым келеді. Бағдарламаның өзі тұқымды асылдандыруға бағытталған ғой. Қазір 5 жергілікті адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта етті шетелге экспорттасам деген жоспарым бар.
Бордақылау алаңының жалпы аумағы 3600 шаршы метр. Бір жылда 3 айналыммен 300 бас малды асылдандыруға мүмкіндігі бар. Жалпы Талды ауылдық округіне қарасты 300-ден астам шаруа қожалық бар. «Сыбаға» бағдарламасы іске қосылғалы  7 шаруашылық оның көмегіне жүгінген. Мемлекеттік бағдарлама ережелері  Кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін шектейтін көрінеді. Талап бойынша ауылдағы салынған үйлерді кепілдемеге алмайды. Қолындағы бар малын бағып, күнін көріп отырған шаруалар қаладан кепілдікке қояр мүлік іздеуге мәжбүр.
Жұмағазы Наймантаев, Талды ауылдық округінің әкімі:
Көбісі осы Сыбаға, Алтын асық бағдарламасымен айналысқысы келеді әрине. Бірақ көбіне кепілдікке байланысты кедергілер болып қалып жатады. Ауылдағы үйлерді кепілдікке алмайды. 5 миллион алу үшін 10 миллион теңге кепілдік қоюы керек. Ұмтылғандар көп. Тағы екі шаруа қожалығы құжаттары дайындалып жатыр.
Қазіргі кезде  3 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Жақын арада тағы бірі іске қосылмақ.  Жыл соңына дейін аудан «Сыбаға» бағдарламасының орындау көрсеткішін 80 пайызға  жеткізуді жоспарлап отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here