Бала тәрбиесі баршаға ортақ мәселе. Алматы облыстық ата-аналар комитеті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен Балқаш ауданында мәслихат өтті.
Бақанаста өткен басқосуда бала тәрбиесіндегі келелі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда ата-аналар мен ұстаздар арасындағы қарым- қатынастың ұрпақ тәрбиесіне әсері сөз болды. Отбасында баланың үйлесімді дамуына қолдау көрсету,бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың шешімін табу тақырыптарында баяндамалар жасалды. Сонымен қатар жеткіншектер арасында кездесетін бұзақылық пен қылмыс, суицидттік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Өзекті мәселелерді орта салған жиынға қатысушылар білім саласындағы жемқорлық тақырыбын да айналып өтпеді. Жетім балаларға көмек қолын созып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қоғам болып көмектесудің мән-маңызы сараланды.