Google корпорациясы Жердің шалғай, жету қиын аудандарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін гелиймен толтырылған үш жүзге жуық шарды (стартостат) атмосфера қабатына жібереді, деп хабарлады Би-би-си.
Компания келесі жылы стартостат арқылы жаһандық желіні қамтуға болады деп санайды. Бұл күллі әлем бойынша деректерді беруге және өңдеуге мүмкіндік береді.
Бірінші кезекте Google Индонезияның шалғай аудандарына интернет таратуды қамтамасыз етпек, бұл елде 250 млн халық болса, соның ішінде 42 млн адам ғана интернетке кіре алады.
Сосын, қабылдаушы аппаратура сынағын Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Бразилия аумағында өткізбек.