«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша биыл Алматы облысына бюджеттен үш жарым миллиард теңге бөлінген. Осы қаржының орынды жұмсалуын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы депутаттық эксперттік топ тексерді.
Жұмыс нәтижесі бойынша партияның облыстық филиалы Саяси кеңес бюросы мен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция бірлескен жоспарлы отырыс өткізді.
Жиын барысында Сайлауалды Тұғырнаманың «Ауылды қолдау» бағыты мен облыстық бақылау — тексеру комиссиясының атқарған есебі тыңдалды. Жыл басынан бері Жетісуда 9100 адам тұрақты кәсіп тапқан. 9 ай ішінде 1444 адам қайта даярлаудан өтіп, 1200 ден астам азамат мамандығымен жұмысқа орналасты. Мыңға жуық тұрғын әлеуметтік орындарға, 1300- астам маман жастар тәжіибесі бойынша жұмыспен қамтылған.