Музей — тарих айнасы. Сондықтан ел шежіресіне қатысты құндылықтар осы мекеннен орын алуы тиіс.
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы өздерінде сақтаулы жәдігерлердің қатарын көбейту үшін түрлі шаралар ұйымдастырады. Соның бірі «сыйлық жасау күні». Бұл күні әркім музейге тарту жасай алады.
Сый тарту шарасына биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлері көп қатысты. Олар музейге сұрапыл соғыс жайында жазылған кітаптар мен сол кезде пайдаланылған радиотехника сынды құнды заттарды сыйлады.
Ал қала тұрғыны Андрей Березин деген кісі «мамонт тісін» алып келіпті. Оның айтуынша, бұл бағалы затты атасы майданнан алып келген. Ал халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айыбетовтың қайын атасы күйеу баласының ғарышта түскен суреттерін табыстады. Жалпы, бұл мұражайда 16 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын толығып келеді. Мұражай мамандары мұндай мерекені жыл сайын ұйымдастырып, тарихи заттарды көбейтуді жоспарлап отыр.
Серік Толғанбаев, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары:
— Бүгінгі шара тамаша болды. Көптен көп рахмет айтамын. Жастарға беретін тәлімдік-тәрбиелік маңызы бар. Колледждің балалары, студенттері қатысып отыр. Енді олардың ақылында, ойында болашаққа жол ашады деп есептейміз.