Домой Жаңалықтар Қоғам Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Аймақтық бәйгенің жеңімпаздары анықталып, бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл байқауға облыс бойынша 330 бастауыш партия ұйымы қатысқан. Оның 45-і аймақтық кезеңге жолдама алған. Соның ішінде  9-ы топ жарып, жүлдегер атанды. Бастауыш партия ұйымдарын бағалау 7 талап бойынша жүргізілген. Әрбір үміткер атқарған жұмыстарына есеп беріп, партия жобаларын іске асырудағы көрсеткіштерімен бөлісті. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануы жағынан ерекшеленгені жоғары бағаға ие болды. Жалпы қазіргі кезде Алматы облысы бойынша 330 бастауыш партия ұйымының 101 361 партия мүшесі бар.

Республикада «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы санымен де, сапасымен де алдыңғы қатарда. Облыста ең үздік деп танылған Ақсу ауданының «Көшкентау», Қарасай ауданының «Үшқоңыр» және «Елтай» бастауыш партия ұйымдары республикалық жарысқа жолдама алды. Олар қараша айында Астана қаласы Партия орталық аппараты деңгейінде өтетін байқауда Алматы облысының намасын қорғайтын болады. Айта кетейік, бұл байқау республика деңгейінде алғаш рет ұйымдастырғалы отыр.

zhetysutv.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here