«Мен және менің полициям». Осындай атаумен Алматы облыстық ішкі істер департаменті дәстүрлі акциясын өткізді.
Шара мақсаты кәмелеттік жасқа толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын-алу, полицейлердің жұмысымен таныстыру.
Акция барысында оқушылар тәртіп сақшыларының қызметтік көліктерін тамашалап, қандай мақсатта пайдаланатыны жайында мол мағлұмат алды. Жеткіншектер назарына жылжымалы криминалистік лабаратория қызметі де ұсынылды. Дәл осы сала оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мамандар қылмыстың қалай ашылатынын, саусақ іздерін анықтау жұмыстарын көрсетті.