«Үлкен Еуразия: жастардың диалог алаңы» атты халықаралық іс –шарасы коворкинг – орталығында жалғасты. Орталықта Қазақстандағы республикалық және аудандық жастар ұйымдары қызметінің таныстырылымы өтті. «Жас Отан» Жастар қанатының Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы мен Моңғолиядан келген халықаралық серіктестеріне еліміздегі «Қазақстан жастар конгрессі», «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы», ЕҰУ студенттері мен магистранттарының «Сенім» кәсіподақ ұйымы», Павлодар облысы жастар бастамалар орталығы», «Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы» және «Жастар» ғылыми – зерттеу орталығы» сынды жастар ұйымдарының қызметі туралы айтылды.
Сондай-ақ, бүгін шетелдік қонақтар «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің қызметімен танысып, партиялық жобаларға қажетті тренингтер, шебер – сыныптар мен дәрістерді жүргізу ерекшеліктеріне баса назар аударды.
Болашақта «Жас Отан» ЖҚ-ның халықаралық серіктестері ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында экскурсияда болып, еліміздің тарихымен танысады.