Домой Жаңалықтар Мәдениет Нұрғиса Тілендиевке арналған «Құстар әні» фильмі түсірілуде

Нұрғиса Тілендиевке арналған «Құстар әні» фильмі түсірілуде

Нұрғиса Тілендиевке арналған «Құстар әні» фильмі түсірілуде

Нұрғиса Тілендиевке арналған "Құстар әні" фильмі түсірілуде«Көркем фильм» кинокомпаниясы мен «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша Алматыда «Құстар әні» көп сериялы көркем фильмі түсіріліп жатыр. Осынау туынды қазақтың ұлы композиторы және домбырашысы Нұрғиса Тілендиевтің өміріне арналады.

Фильм атақты «Отырар сазы» оркестрінің құрылған сәтінен басталады. Картинада дарынды сазгердің қазақ музыкасын шыңға көтеруді мұрат еткен бастамасы өз шығармашылығымен қатар өрбиді. Көркем фильм сазгердің бірегей музыкалық туындысымен аталады. «Құстар әні» ұлы музыканттың құс қанат ғұмырын суреттейді. 5 бөлімнен тұратын «Құстар әні» телевизиялық жобасын көрермендер биыл көре алады. Музыка дарыны көрермендерге жаңа қырынан көрсетілмекші.

Хикаяның режиссері Рашид Сүлейменов. Бас продюсер Ильхам Жалилов пен Рустам Азаматов болмақ.

Фильмдегі басты ролдерді қазақстандық танымал актерлер Ергенбай Әбуев, Гүлназ Жоланова, Санжар Мәдиев, Бақытжан Әлпейісов, Михаил Токарев, Сағызбай Қарабалин, Махаббат Сарқытпаева мен Яна Бобрыка сомдайды.

Айта кетейік, биыл отандық ұлы композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 90 жылдығы аталып өтіледі. Бүкіл өмірін халық музыкасына арнаған тұлға барлығы 500 шақты музыкалық туындыны өмірге әкелген. Ол «Отырар сазы» қазақтың халықтық музыкалық аспаптар оркестрін алғаш болып құрған және ел тарихындағы ең дарынды домбырашылардың бірі болды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here