Домой Жаңалықтар Қоғам «Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін

«Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін

«Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін
«Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін
павильоны

«Халық маркасы» жалпы­ұлттық жобасының жетекшісі Римма Тәжібаеваның мәлімде­уін­ше, 2017 жылы ЭКСПО көр­ме­сінде осындай көрме павильоны жаб­дықталса, келу­шілердің саны көп болады.

– Біз ұлттық компанияға ЭКСПО көрмесінде «Қазақ­станда жасалған» павильонын ашуды ұсындық. Қазір мәселе талқыланып жатыр, – деді ол.
Жоба жетекшісінің сөзінше, «Халық маркасы» жалпыұлттық байқауында жеңімпаз атанған кә­сіпорындар Миланда өз өнімдерін әлем жұртшылығының назарына ұлттық бренд ретінде ұсынған. Олардың өнімдеріне шетелдіктер қатты қызыққан.
Жыл басында Мемлекет басшы­сының бастамасымен республика бойынша «Қазақ­станда жасалған» акциясы ұйым­дастырылып, оған 70-тен астам отандық өндіруші мен 100-ден астам марка қатысқанын атап көрсеткен жоба жетекшісі қазіргі таңда 27 кәсіпорын «Халық маркасы» деген атаққа лайық деп танылып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Ақтөбе, Оң­түстік Қазақстан және Алматы қалалары азық-түлік өндіру­шілердің көшін бастап тұр.
Айта кетейік, «Халық мар­касы» байқауының жеңімпаздары биылғы жылдың 9 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Миланда өткен ЭКСПО көрмесінде өз өнімдерін көрсетті. Бұған қоса жеңімпаздар «Халық маркасы» белгісін өз тауарларында жарнама ретінде 2 жылға дейін қолдану құқығына ие болды.

aikyn.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here