Домой Жаңалықтар Технология Tele2 мен ALTEL 4G бірігеді

Tele2 мен ALTEL 4G бірігеді

Tele2 мен ALTEL 4G бірігеді

Tele2 мен ALTEL 4G бірігетін болады

Tele2 Group пен «Қазақтелеком» АҚ өздеріне қарасты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (бренд «Tele2») мен «АЛТЕЛ»  АҚ (бренд «ALTEL 4G») мобильді операторларын біріктіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақтелекомның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында хабарланды.

Келісімшарт нәтижесінде екі тараптың клиенттік базасы 7 млн абонентті құрайды. Бұл Қазақстандағы мобильді байланыстың 20%-дан астамы деген сөз.

«Бұл келісім негізінде біздің пайдаланушылар үдемелі жылдамдықпен өсіп келе жатқан «Алтельдің» 4G желісіне қол жеткізе алады.  Осы бірігудің арқасында біздің клиенттер мен акционерлер жоғары нәтижеге қол жеткізеді» — деді «Tele2 Group» президенті Элисон Киркби.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here