Домой Жаңалықтар Қоғам «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Баспасөз орталығы ашылды

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Баспасөз орталығы ашылды

0
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Баспасөз орталығы ашылды

nurotan-news-1446804360_1

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында партия Баспасөз орталығының ашылуына арналған алғашқы баспасөз мәслихаты болып өтті. Брифингте партия Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли мен партия Орталық аппаратының басшысы Жанат Қожахметов сөз алып, соңғы екі айда партияда атқарылған жұмыстар жайлы хабарлады.

Өз сөзінде Берік Уәли ашылып отырған Партия Баспасөз орталығының басты мақсаты Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бекіткен Бес институционалды реформаның «Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет» бағыты аясында партияның қалың жұртшылық алдындағы жариялылығын қамтамасыз ету болып табылатынын жеткізді.

«Партия ашықтық пен айқындық қағидасын жүзеге асыруға, кез-келген ақпаратты ашық ұсынуға дайын. Бүгінгі ашылып отырған Баспасөз орталығы осыны жүзеге асырудың бір тетігі», — деді Б.Уәли.

Партияның баспасөз орталығы «Нұр Отанның» жаңа медиалық саясаты шеңберінде жүзеге асып, партия мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға, билік партиясының халықтың әл‑ауқатын арттыруға бағытталған іс-шараларының орындалу барысы мен сайлауалды тұғырнамасында берілген уәделердің іске асуы жөнінде ақпар тарататын алаң болып қалыптаспақ.

Бекітілген кестеге сәйкес мұнда апта сайын брифингтер өткізіліп, орталық аппараттың департамент басшылары, фракция депутаттары, филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары, мәслихат хатшылары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беретін болады. Қажет болған жағдайда партияның брифинг алаңына өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік орган жетекшілері де шақырылып, пікірлері тыңдалмақ.

Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі атап өткендей, Елбасы, Партия Төрағасы жүктеген міндеттерді іске асыруда, өңірлердегі жұмысты күшейтуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелерге сараптама жүргізіліп, 13 партиялық жоба 8 жобаға біріктірілді. Оған қоса, екі жоба қолға алынып отыр. Елбасының «Ұлы Дала Елі» идеясы аясында рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар тәрбиесі мәселелерін насихаттауға көңіл бөлініп отыр. Осы жоба шеңберінде партиялық БАҚ-та «Ұлы Дала өсиеті» айдарымен еліміздің ежелгі заманнан бергі тарихындағы орны ерекше ұлы ойшылдардың нақыл сөздерін, тәлім-тәрбиелік маңызы бар өсиеттерін өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатындағы бейнероликтер көрсетіліп, арнайы айдарлар ашылуда. Басылымдарда қоғамдық қабылдау бөлімдеріне келген азаматтардың өтініштерінің орындалу барысына арналған, «Еркін мінбе» («Свободная трибуна»), «Билік назарына» айдарлары ашылған.

Ал партия қабылдап отырған екінші жаңа жоба ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталып, отбасылық шаруаларға қолдау көрсету жүйесін құруды көздейді. Осы арқылы ауылшаруашылығын ілгерілету жоспарлануда.

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы Ж.Қожахметов Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қойған міндеттері аясында партияда халықпен жұмысты нығайту, партиялық бақылау мен өңірлік жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы хабарлады. Атап айтқанда, Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Мәжілістегі партия фракциясына келіп түскен 62 заң жобасының 59-ы мақұлданып, 1 қарашадағы мәліметке сәйкес Парламентте 36 заң жобасы қабылданған. Оған қоса, өзекті мәселелер бойынша өңірлерден Орталық аппаратқа келген ұсыныстар сараланып, Парламент Мәжілісінің жұмыс топтарына жеткізілетінін айтты.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау жөнінде Мәжіліс пен мәслихаттардағы партия фракциялары жанында 4 комиссия құрылғанын айтты. Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешеніне қатысты тағы бір комиссия құрылатынын да хабарлады.

Оған қоса қоғамдық қабылдау бөлмелері мен «Электронды партия» халықпен кері байланыстың нығая түсуіне ықпал еткен. Екі жылда мемлекеттік органдардың жетекшілері мен депутаттардың азаматтарды жеке қабылдауларының саны 8 есе өскен. Шағымдардың әрбір алтыншысы электронды түрде қабылданады. Парламент Мәжілісіндегі партия Фракциясының мүшелеріне тікелей өтініш жіберуге мүмкіндік беретін «Депутат блогы» қызмет етіп тұрғаны да айтылды.

Партияның Орталық аппаратында орын алған оңтайландырудың нәтижелері жайлы айтып өтті. Бұдан бұрын партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов хабарлағандай, 1 қарашадан бастап, партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдар жаңа штат кестесі бойынша жұмыс атқара бастады. Осылайша, орталықта қызметкерлер саны 132-ден 116-ға дейін қысқарып, өңірлік филиал қызметкерлерінің саны 43%-ға, яғни 358 бірлікке көбейген. Филиалдардың жұмыс сапасы мен тиімділігін бағалаудың нысаналы индикаторлары әзірленіп, келесі жылдан бастап қолдануға жоспарланып отырғанын да айтты Орталық аппарат басшысы.

nurotan.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here