Астанада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Ел бойынша осы додаға қатысуға 150-ден астам өтініш келіп түскен.
Байқау комиссиясы «Үздік темір ұстасы», «Үздік электрші», «Үздік технолог» секілді 10 номинация бойынша 20 жеңімпазды іріктеді. Жүзден жүйрік танылған мамандар осылайша бүгін бас қалаға жиналды.
Байқаудың міндеті – жұмысшылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Шара Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының мұрындық болуымен өтуде.