Астанада «Тіл жанашыры» құрмет белгісін табыстау рәсімі өтті. Осы мәртебелі марапатқа ұзын саны 21 отандасымыз бен шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдері ие болды.
Бүгінде олар өз ісімен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын кеңейтуге сүбелі үлесін қосып келеді. Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге де аянбай атсалысып жүргендер бар.
Бұл жолғы марапаттың басым бөлігі қазақ тілін үйретуге арналған арнайы оқулық авторларына бұйырды. Осы мақсаттағы мәдени жобаларға қаржылық қолдау көрсеткен белгілі меценаттар да «Тіл жанашыры» атанды.