Домой Жаңалықтар Спорт Еліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтады

Еліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтады

Еліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтады

Еліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтадыЕліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтау мақсатында, Алматы облысы Үшарал қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында «Алакөл ауданы әкімінің кубогі» үшін республикалық жарыс өтті. Оған Алматы қаласы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен көрші Өзбекстаннан балуандар келді. Барлығы  200ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша күресті.

«Алакөл ауданы әкімінің кубогы» үшін өтетін жарыс осымен 9-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жылдан — жылға деңгейі өсіп, қатысушылар қатары да көбейіп келеді. Қазіргі күні көршілес елдердің  балуандары да бағын сынауды мақсат еткен. Биыл 12 команда жиналған. Дзюдошылар бәсекесінің ашылу салтанатында  ауданның атқа мінер азаматтары осы жарыс арқылы көптеген саңлақтар тәжірибесін арттырып, ел құрамасының белді мүшесі атанғанын мәлімдеді.

Осы жарыста Семей, Талдықорған Шымкент, Алматы және  Алакөл өңірінің саңлақтары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ұйымдастыушылар  келер жылы турнирді халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.

zhetysutv.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here